You are here

Б.М.Сапарбаев

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында 1953 жылы туылған. 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 ж.ж.); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жж.). Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977 ж.); ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жж.); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жж.); Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993 ж.); Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жж.) болды.

Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті Аппаратының басшысы (1995 ж.); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жж.); Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жж.) қызметтерін атқарды;

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002 ж.- 2006 ж.); Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006 ж. – 2007 ж.); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (09.02.2007- 27.08.2007).

2007 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.

2009 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2014 жылдың қарашасы - 2015 жылдың қыркүйегі аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15