You are here

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті

04.01.2017, 09:33   695

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 30 желтоқсанда Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХ сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Б.Сапарбаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім, аналар және «Бірлік» ақсақалдар кеңестерінің өкілдері,  облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, медиация өкілдері, облыстық басқарма мен департамент басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мектептері мен колледж өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты Ассамблеяның 2016 жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, Елбасының Қазақстан халқы Ассамбелясының ХХІV сессиясында берген тапсырмаларын орындау.

Сессияның күн тәртібіне үш мәселе қойылды, олар мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаевтың ХХІV сессияда қойған тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді орындау, облыстық ҚХА жанындағы кеңестерге өзгерістер енгізіп, оны бекіту және облыстық әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылығына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау.

Сессия жұмысын облыстық ҚХА төрағасы Б.Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты. Облыс әкімі өз сөзінде жиналған қауымды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен, келе жатқан  жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар ол этномәдени бірлестіктердің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын орындауда, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудағы үлкен жұмысын атап өтті, облысымыздағы қайырымдылық танытып жүрген жомарт жандарға алғысын жеткізді.

 Баяндама жұмыстарымен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Б.Елеусінова, облыстық ҚХА мүшесі С.Вишняк, облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек, Батыс Қазақстан медиация және келіссөз жүргізу орталығының директоры А.Куртаева және «Оксана» украин этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары В.Кабачек сөз сөйледі.  

Күн тәртібіне сәйкес облыстық ҚХА төрағасы қоғамдық келісім, аналар, журналистер және ақсақалдар кеңестерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, бекітілді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы шеңберінде белсенділік танытқан азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың сертификаттар табысталып, этномәдени бірлестіктердің белсенділері қоғамдағы ұлттық мәдени құндылықтарды дамытудағы белсенділігі, облыстың қоғамдық саяси дамуына қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Б.Сапарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.  

Сессия соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанат залында облыс әкімі Б.Сапарбаев этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарының балаларын жаңа жылмен құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15