You are here

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

18.04.2017, 16:38   481

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 18 сәуірі күні Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезектен тыс отырыс өтті. Отырыс кеңес басшысы Винияк С.В. төрағалық етуімен өткізілді. Іс-шараға ҚХАХ, ҚХА кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қатысты.

Отырыс барысында Ақтөбе қаласында орын алған су тасқынына зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мәселесі талқыланды. Айта кетерлік, өткен демалыс күні, Ақтөбе қаласындағы саяжайлар суға кетіп, жолдар мен көпірлерді су жарып, 1000-ға жуық адам 12 орта мектепте ұйымадстырылған эвакуация бекеттеріне орналастырылды.

Елеусінова Бұлбұл Ораққызы, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

- Мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін қаламызда болған жағдайға немқұрайлық танытпай, көмек ұшын көрсетуге шақырамын. Бұл жергілікті көлемдегі төтенше жағдай. Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету үшін  «Қолғанат Ақтөбе»  қоғамдық қоры ашылды. Біз, Ассамблея бір отбасы секілдіміз, көмегімізді аямайық.

Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы, облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Мәселе өте күрделі. Зардап шеккен адамдар үлкен материалдық шығынға ұшырап отыр, психологиялық, моральдық тұрғыда өте нашар күйде. Су басқан жерлерде көптен су болмағанымен, ол жер үй салуға арналмаған еді. Су қайта оралады. Пікір ортақ, көмек көрсету қажет.

Дулатбай Гүлжан Тәуірбайқызы, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесенің мүшесі:

- Жағдай қиын, біз ҚХА жанындағы аналар кеңесінің атынан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіп, олармен әңгімелесіп жатырмыз.

Еспағамбетов Келдібай Еспағамбетұлы, облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі:

- Қазіргі таңда кінәліні іздеп, шара қабылдайтын уақыт жоқ. Бастысы зардап шеккен жерлестерімізге қол ұшын созып, көмек беруіміз қажет. Мен су басқан жерлерді өз көзіммен көрдім.Табиғаттың құдіретіне қарсы тұру қиын, әлемде климат өзгерістері болып, су жылдан жылға көбейіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау орталығы екі күн бойы жұмыс істеп келеді. Облыстық ҚХАХ меңгерушісі, ҚХА жанындағы кеңестердің және этномәдени бірлестіктердің төрағалары зардап шеккендер уақытша мекен еткен мектептерге барып, киім-кешек, азық-түлік алып барды. Азаматтардың сұрақтары мен тілектерін тыңдап, қолдан келгенше көмек беруге дайын екендерін жеткізді.

Ал «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ- ұжымы бір күндік жалақыларынан «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорына жіберді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15