You are here

Ақтөбедегі «Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ МАНИФЕСТІ. ӘЛЕМ.XXI ҒАСЫР» жалпыұллтық бірігей тақырыптық күні

01.12.2016, 12:24   794

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылдың 29 қарашасы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасы президентінің күні қарсаңында «Н.Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» Манифесі» атты еліміздің, ел көсбасшысының жетістіктері жайлы дөңгелек үстел өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шара Қазақстан Респбуликасының Тәуесліздігінің 25-жылдығы, «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн жоспары аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың, аналар мен қасақалдар кеңестерінің, жастар қанатының өкілдері, қала мектептерінің оқытушылары, студенттер мен әскери-техникалық мектеп жауынгерлері қатысты. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Гаухар Шерниязова ашып, дөңгелек үстелге жиналғандарды келе жатқан мерекелермен құттықтап өтті. 

Дөңгелек үстел барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек жастарға:

- Еліміздің гүлденген шағында өмір сүріп жатқан жастарымыз, қиын-қыстау заманды көрген жоқсындар. Экономикамыз құлдырап, дүкен сөрелері босаған шақта, Елбасының кемеңгер саясаты сол құлдыраудан алып шықты. Қазіргі таңда 50 лдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарындамыз. Алдағы мақсат, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына сәйкес 30 елдің қатарына қосылу, бұл сіздердің міндеттеріңіз,-деп үндеу салды.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар  БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қаіпсіздің Кеңесінің ресми құжатына айналған Н.Назарбаевтың «Әлем XXI ғасыр» манифесін қолдап, өз пікірлерін алға салды.

- 21 ғасыр манифесі Елбасымыз Н.Назарбаевтың келешк ұрпақтың тағдырына олардың ядросыз, бейбіт өмір сүруіне деген алаңдаушылығы. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы әлемнің, және әрбір қазақстандықтың қолдауын тапты,- деп іс-шараны тәмамдады.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15