You are here

Ақтөбеге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

10.01.2017, 17:47   261

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 9 қаңтары күні Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутат Владимир Карпович Божко келді. 

Ассамблея ғимаратындағы экскурсия барысында Владимир Карпович этномәдени бірлестіктердің музейі мен орталықтардың жұмыс кабинеттерін аралады. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев облыста 90-нан астам ұлт өкілдері тұратынын айтып, әрбір этномәдени бірлестіктің  облыс дамуына қосатын үлестері жайлы айтып өтті. 

Сонымен қатар, мәжіліс депутаты этномәдени бірлестіктер мен ҚХА кеңестерінің өкілдерімен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Б.Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасары А.Шериязданов, облыстық ҚХАХ меңгерушісі Б.Елеусінова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Г.Шерниязова мен Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілдері қатысты. 

Владимир Карпович өзінің сапарының басты мақсаты депуттатардың еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтудағы жұмыстары, «Мәңгілік ел» ұлттық жоспарының жүзеге асырылуы жайлы айтып жеткізу екенін айтты. 

«Осыдан 25 жыл бұрын бізге еліміз дамымайтынын, оның құлдырауын болжаған еді. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бұл нұсқауды жоққа шығарып, Қазақстанды болашағы жарқын, көпұлтты мемлекетке айналдыра білді», - деді кездесу соңында Владмир Божко.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15