You are here

«Алаш зиялылары – ұлы дала перзенттері»

28.11.2016, 21:01   493

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылдың 25 қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Алаш зиялылары – ұлы дала перзенттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өкізілді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғимаратында өткен дөңгелек үстелге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың ғалым-оқытушылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, университет студенттері қатысты.  Дөңгелек үстел барысында «Тәуелсіздік және Алаш ардақтыларының арманының орындалуы», «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі бағыттары» тақырыптарында әңгімелер қозғалды.  «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Т.Сапаров «Халық келісімінің еліміз үшін маңыздылығы» тақырыбы бойынша ел бірлігінің өзекті мәселелері бойынша өз пікірін ортаға салып, ой өрбітті.

-Қазақ елінің Тәуелсіздігі мен оның алдағы мақсат-міндеттерін Алаш зиялылары атап көрсетіп кеткен еді. Қазіргі таңда Тәуелсіздік алғалы бері сол ұстанымдар толық түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде дүние жүзін мойындатқан, ынтымағы жарасқан егемен еліміз бар, ұлы дала перзенттеріміз - деп қорытындылады тарих ғылымдарының докторы, ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің тарих кафедрасының меңгерушісі Ұ.Исмагулов.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15