You are here

Аналар кеңесінің кезекті отырысы

11.12.2017, 11:29   158

Версия для печатиPDF versionEPUB version

7 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы отбасындағы толеранттылық мәселелермен айналысатын Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Жиында Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік жанындағы Аналар кеңестерінің өкілдері, денсаулықсақтау және ішкі істер саласының өкілдері, Ақтөбе қаласындағы мектептердің ата-аналар комитеттерінің төрағалары іс-тәжірибелерімен алмасып,  тұжырымды ойларымен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты Аналар кеңесінің алдында тұрған міндет – ұлттық құндылықтарға негізделген және бүгінгі заман талабына сай аналар ортасын қалыптастыру. Кешегі мен бугінгінің ортасын жалғап, рухани сабақтастықты жалғастыру, ой-сананы жетілдіру. Өзекті мәселелерді зерделей отырып, айрықша балалардың аналарына көмек көрсету, діни ағымдардың ықпалына түсіп қалған қыздарымызды құтқару, тағы басқа мәселелерді назардан тыс қалдырмай, шешу жолдарын іздестіру қажеттілік болып табылады.

Отырыс барысында балаларды діни секталарға тарту проблемалары,  кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері талқыланды.

2017 жылғы атқарылған Аналар кеңесі жұмысының қорытындысы шығарылып, 2018 жылға арналған кеңестің негізгі қызметін жоспарлады.

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15