You are here

Астана күніне арналған дөңгелек үстел

06.07.2017, 15:29   214

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 5 шілдесі күні, Астана күнінің қарсаңында, Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Әлемді таңқалдырған - Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктердің және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестерінің өкілдері, сонымен қатар Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен мәдени іс-шараларға қатынасқан шығармашылық ұжымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан астанасының тарихы мен дамуы жайлы сөз қозғалып, отырыстың баяндамашылары еліміздің астанасы «толеранттылық пен бірліктің астанасы» атағына лайықты екенін ерекше атап өтті.  

Ағымдағы жылдың 26 және 30 маусым күндері аралығында өткен Астана қаласындағы халықаралық мамандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Ақтөбе облысының мәдениет күндерінің қатысушылары сапарлары жөнінде өз әсерлерімен бөлісті.

 Дөңгелек үстелдің салтанатты бөлімінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан алғыс хаттар мен құнды сыйлықтармен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінің аясындағы мәдени іс-шараларда белсенділік білдіріп, өңірімізді республикалық көлемде көрсете білген этномәдени бірлестіктердің шығармашлық ұжымдары мен оның көркемдік жетекшілері марапатталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15