Астана – рухани бірлік ордасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасының «Ел жүрегі – Астана» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 23 қаңтар 2018 жылы «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық клісім» КММ «Астана – рухани бірлік ордасы» тақырыбында тарихи танымдылық кеш ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар қызметкерлері, Ассамблея жанындағы Кеңестер мен этномәдени бірлестіктер төрағалары, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мұғалімдері, жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Танымдылық кештің негізі мақсаты - 20 жылдың ішінде Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін қуатты мемлекетке айналғандығын және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда, қысқа мерзімде әлем танитын өркениетті қалалардың қатарына қосылғандығын және жас ұрпаққа түсіндіре отырып, Елбасының Астана үшін жасаған игі істерін келешек ұрпаққа насихаттау.

Іс-шара барысында «Астананың геосаяси маңыздылығы» тақырыбында сөз сөйлеген Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми - сараптамалық тобының мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әбенов Д.Қ. өз сөзінде: «2018 жылы Астана қаласы 20 жылдығын тойлауда. Бүгінде Астананың дамуы Тәуелсіз Қазақстанның пайда болу тарихы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың іске асырған қызметімен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн».

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.