You are here

Дәстүр бойынша Ақтөбе қаласының маңындағы жазықсыз атылғандар жерленген Түйетөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу - қайғылы күні атап өтілді

01.06.2017, 14:32   160

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 31 мамыр күні дәстүр бойынша Ақтөбе қаласының маңындағы жазықсыз атылғандар жерленген Түйетөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу  - қайғылы күні атап өтілді.  Гүл шоқтарын қою рәсіміне облыстық және қалалық әкімдіктердің басшылары, маслихат депутаттары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық келісім» КММ-і, құқық қорғау органдарының, дін өкілдері, ардагерлер мен қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары қаза болғандардық ұрпақтары қатысты. Әртүрлі мәлемттерге сүйнсек Ақтөбе облысынан жеті мың адам құғынға ұшырап, оның 1800-і ату жазасына кесілген, ал ашаршылық құрбандарының саны екіден үш миллионға дейін жетеді.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев:

- Біздің мақсатымыз – еліміздегі бірлік пен берекені сақтап, сол зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған арыстарымыздың, қандастарымыздың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау,- деп еске алу жиыны барысында атап өтті

Митинг барысында, сонымен қатар, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы, саяси құғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Сагаев Хасан Юсупович сөз сөйледі. Хасан Юсупович сол зұлмат жылдары бір үзім нанын бөліскен қазақ халқына алғысын жеткізе отырып, ол заман қайта келмесін, бейбіт заман болсын деп атап өтті.

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15