Этномәдени бірлестіктерге 10 жыл

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 24 мамыры күні Мәртөк аудандық Достық үйінде «бір шағырақ астында» атты аудандық этномәдени бірлестіктердің құрылғанына 10-жыл толу мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. 2007 жылы ауданда тұңғыш рет ұлттық орталықтар жанынан «Златоблюмен» неміс, «Шатлык 2» татар, «Ариран» кәріс, «Русичи» орыс, «Свитанка» украин, «Азери 2» әзірбайжан, «Сябры» беларус, «Береслава» болгар-гагауз және «Дәстүр» қазақ қоғамы құрылған еді. Осы кезеңнен бастап ауданның барша этнос өкілдерінің өзіндік дамуына бастау берілді. 39 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрақтаған Мәртөк ауданы өзінің көпұлтты халқымен мәлім.   Этномәдени бірлестіктердің 10-жылдық мерейтойында өзбек-қарақалпақ этноәдени бірлестігі құрылды.

Бүгінгі таңда Мәртөк аудандық Достық үйі халықтың бас қосатын, этномәдени бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруға, азаматтық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралардың өтетін басты орны болып табылады.

Мерейтойға арнайы облыстық әзірбайжан, татар-башқұрт, украин және славян этномәдени бірлестіктері, облыстық ҚХА хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ Мәртөктік әріптестерін құттықтап келді. Мерекелік концертте этномәдени бірлестіктердің қалыптасуының, достық үйінің құрылуының бастауында болған азаматтар марапатталды, әр ұлттық ән-биі орындалды. Этномәдени бірлестіктер облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Достық мерекесі жоғары дәрежеде өтті, ал біз аудандық этномәдени бірлестіктерге 20-жылдық, 50-жылдық мерейтойларын мерекелеуін тіледік.

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.