«Қазақ халқында «Өткенсіз бүгін жоқ»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жаңғырту бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2017 жылдың 17 қарашасы күні Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері,  18 этномәдени бірлестік өкілдері, жастар қанаты Ақтөбе қаласы Алға ауданы Бестамақ ауылында  орналасқан қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған, Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған Есет батырдың 350 жылдығына арнайы ашылған ескерткішіне Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлы және «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құрманбеков Еркін Жолмырзаұлы гүл шоқтарын қойып. Терең құрметке ие болған, қазақ халқы үшін жонғарларға қарсы тұрып, азаттық күресте өз белгілі орны болған қазақ көшбасшысына бас иіп құрметтерін көрсетті.

Шыны-пластиктен жасалған ескерткіштің биіктігі — 12 метр, салмағы — 1,5 тонна.

Келген делегация тобы кейін батырдың мәйтіне барып, құран оқытып, рухына тағзым етті. Есет батырға арналған кесене 1992 жылы салынған, 2013 жылы мемориалдық кешені пайдалануға берілген, кешеннің бір бөлмесі мұражай. Мұражайда батырдың үзеңгілес серіктеріне арналған деректер бар. Сонымен қатар, Есет батырдың қызы Ботагөз батырдың өмірі туралы ақпарат беретін арнайы тақта ілулі тұр. «XVIII ғасырдан жеткен батырдың кіреуке сауыты орналасқан. Сауыт 8 келі болады. Сауыттың түпнұсқасы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған. Ал көшірмесі батыр жерленген жерде.

Экспедиция қатысушылары ауылдық округте орналасқан жаңа Мәдениет үйінде болып. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

«Қазақ халқында «Өткенсіз бүгін жоқ» деген мақал бар. Сондықтан біз Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламасына сәйкес тарихымызды, рухани құндылықтарымызды жаңғыртудамыз. Басты мақсат —жас ұрпақты халыққа деген сүйіспеншілікке, өз елінің патриоты болуға, туған жерін құрметтеуге және қорғауға үйрету. Бұл ескерткіштің ашылуы — жастарға үлкен үлгі, өнеге»,- деді «Вайнах» шешендердің Ақтөбе облыстық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сагаев Хасан  

Кездесу соныңда делегация мүшелері ауыл кітапханасына   әкелген кітаптарды сыйға тартып, шығармашылық топ концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.