You are here

«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» жалпыреспубликалық акциясы Ақтөбеде

21.11.2016, 18:38   184

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылдың 21 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Конституция  - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» жалпыреспубликалық акциясы аясында  атты дөңгелек үстел өтті.

«Ұлы Дала Елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндердің басталуына арналған іс-шараға ҚХА мүшелері,этномәдени бірлестіктер жастар қанатының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің студенттері мен оқытушылары, облыстық Қазақстан халқы Ассабмлеясының ғылыми-сараптамалық тобы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова өзсөзінде жалпыреспубликалық акцияның негізгі мақсаты Ата заңымызды үйрену арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру екенін атап өтті.

25 тақырыптық күн аясында облыс бойынша 291 іс-шара өткізу жоспараланып отыр.»,- Г.Шерниязова.

Іс-шараға қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасының орынбасары Ү.Сәрсембин өз сөзінде  «Кемелді Конституция – елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ұдайы бірлікте болып, берекелі өмір сүруінің кепілі. Ата заңымызда қаралған нормалар, тірлігі мен татулығы жарасқан барлық ұлттардың Қазақстан Республикасы атты бір шаңырақ астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етіп отыр»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек барысында  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтары, өңірлік этномәдени бірлестіктердің қызметі, медиация тақырыптары қозғалды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15