You are here

Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл толды

06.11.2017, 17:56   464

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1937 жылы кәрістер Қазақстанға жаппай қоныс аударылған алғашқы этникалық диаспоралардың бірі болды.

1990 жылдың 3 маусымында Қазақстан корей диаспорасының мәдени мұрасын сақтауға үлесін қосқан Қазақстан корейлері қауымдастығы құрылды.

2017 жылы кәрістердің Қазақстанға қоныс аударғандарына 80 жыл толуын Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен іс-шара ұйымдастырылды.

Облыс әкімі атынан Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлы құттықтау сөзімен жиынды ашты. «Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған 1,5 млн этностардың құрамында корей диаспорасы да болды. Олардың 1165-і қазіргі Хромтау және Әйтеке би аудандарының аумағына жер аударылды. Төзімділік пен бірліктің арқасында сіздер қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге жеңе алдыңыздар. Бүгінгі таңда корей этносы аймақтың ажырамас бөлігі болып табылады, оның өкілдері Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салаларына баға жетпес үлес қосуда» - деді ол өз сөзінде.

Сол ауыр және қайғылы оқиғалардың куәгерлеріне, ардагерлерге құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтармен марапаттаудан бастаған Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы Ақтөбе филиалының төрағасы  Цхай Константин Валентинович сөзін:  «Қазақ халқы сол жылдардағы барлық қиындықтарға қарамастан, көптеген  қоныс аударушыларға қамқорлық көрсетіп, ерлік жасады. Қазақтардың ұлылығын және қайырымдылығын өз отанын қазақ жерінен тапқан барлық халықтар мойындады» - деген алғыспен жалғастырды.

Арнайы Ақтөбе корей диаспорасын құттықтауға жерлесіміз, 90-жылдары біздің корейлер ансамблінде шығармашылық мансабын бастаған, Корей мемлекеттік академиялық театрының солисі, халықаралық жарыстардың лауреаты Ангелина Югай келді.

Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына орай кәріс қауымдастығы мерекелік концерт ұйымдастырды.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 6 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15