You are here

«Мәдениет үндестігі – 2017»

04.12.2017, 18:30   167

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 1 желтоқсанында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мәдениет үндестігі - 2017» атты  Халықаралық VI фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты - халықаралық достықты нығайту мен Қазақстан Республикасындағы әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениетін сақтау және насихаттау.

Фестивальға Атырау облысынан «Святоч» славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысынан «Масис» Армян этномәдени бірлестігі, Ресей Федерациясының Орынбор қаласы, Адамовски ауданынан «Жас гүлім» қазақ халықтық вокалдық ансамблі этномәдени бірлестіктері шақырылды және Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтары қатысты.

Бір шаңырақ астына шоғырланған 18 этномәдени бірлестік өкілдері қонақжайлылықтарын көрсетіп, ұлттық ерекшеліктері мен салт дәстүрлерін паш етті. Көрмеге қолөнер бұйымдары мен әр ұлттың тарихынан сыр шертетін туындылар қойылды. Бұл бірін-бірі жақын, терең тани түсудің тиімді әдісі.

Атырау облысынан «Святоч» славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова өз сөзінде: «Мұның барлығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. Түрлі этнос өкілдері бір ананың баласындай. Қызығып қараймыз. Құшақтарын ашып бізді де қарсы алып жатыр. Мереке құтты болсын», – деді.

Іс-шара соңында қонақтар мен облыстық 18 этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары Ақтөбе обысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фестиваль шеңберінде қонақтар үшін Ақтөбе қаласының көрікті орындарына экскурсия ұйымдастырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15