You are here

Мектепке жарық жол

11.08.2017, 15:28   159

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың тамыз айында Ақтөбе облысы бойынша «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» деген ұранмен бастау алған «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдады.

Осы орайда 11 тамыз күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында акция аясындағы  «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты әртүрлі ұлт өкілдері балаларын өңірлік Ассамблея қызметімен таныстыру, балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің атынан оқу құралдарын сыйға тарту болып табылды.

Оқушылар Ассамблея үйінде жиналып, оларды Ассамблея жұмысымен жақынырақ таныстыру мақсатында этномәдени бірлестіктердің бөлмелеріне, музейге экскурсия жасалды. Балалар ғимаратта орналасқан репетициялық, конференц, концерттік залдарды, жексенбілік мектеп кабинеттерін көріп, ассамблея жанындағы тегін мемлекеттік және Қазақстан этностары тілдерін үйрететін жексенбілік мектептер мен шығармашылық үйірмелерге шақырылды.

Экскурсиядан соң іс-шараның салтанатты бөлігінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Н.Барбосыновтың, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің, «Қоғамдық келісім» КММ-нің  қатысуымен әр ұлт өкідерінің 38 оқушы баласына 570 000 теңге көлемінде мектепке қажетті  оқу құралдары, киім-кешектері, аяқ-киім, сөмкелері табысталды. Оқушыларға жаңа оқу жылында жақсы оқып, жаңа жеңістерге жетіңдер деген ақ тілектер айтылып, мереке өз мәресіне жетті.

 

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15