You are here

«Оксана» украин хорының мерейтойы

17.07.2017, 20:46   382

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 14 шілдесі күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Оксана» украин хорының «халықтық» атағын алғанына 10 жыл толу мерейтойына арналған мерекелік дөңгелек үстел өтті.

«Ақтөбе облысы хор өнерінің дамуының қазіргі жағдайы мен келешегі» атты дөңгелек үстел жұмысына «Оксана» украин ұлттық-мәдени орталығы мен халықтық хорының 10 жылдық тарихы  ішінде қызметтесіп келген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облыстық халық шығармашылығы үйінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, облыстық кәсіби хор ұжымдарының жетекшілері, Мәртөк аудандық украин этномәдени бірлестігі мен Әйтеке би ауданы Қарабұтақ аулындағы Т.Шевченко атындағы мектеп өкілдері қатысты.

2007 жылы «Халықтық» атағына ие болған, бірнеше мәрте облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдер жеңімпазы атанған «Оксана» укриан хор ұжымы облысымыздың ғана емес, республикалық украин орталықтарының ішіндегі ең белсенді әрі құрамында өнерпаз көп ұжымдардың бірі болып табылады.

Мерекелі іс-шара барысында ұжымның тұрақты жетекшісі В.М.Моисеенкоға құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылып, хордың әрбір мүшесіне облыс әкімінің орынбасары және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Дөңгелек үстел жұмысын «Оксана» хорының көркемдік жетекшісі В.Кабачек ашып, хор ұжымының ән репертуарын таңдау жайлы әңгіме қозғады. Укриан халықтық хорының репертуары украин халық әндерінен, Абай мен Жұбановтың әндерінен, басқа да патриоттық, лирикалық әндерден тұратыны атап кетті.

Облыстық халық шығармашылығы үйінің өкілі Г.Сейталина «халықтық» атағының берілуі мен оны қорғау барысы жайлы, ол атаққа ие болу үшін ұжымның жоғары орындаушы шеберлігі мен алуан-түрлі ән репертуары болуы қажеттігін атап, «Оксана» хоры «халықтық» атағына лайықты деген баға берді.

Сонымен қатар, «Оксана» украин этномәдени бірлестігінің аудандық орталықтардың дамуына қосатын үлесі жайлы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылындағы Тарас Шевченков атындағы мектептің украин тілі пәнінің мұғалімі Валентина Ивановна Гулей былай деді:

Біздің мектеп 50 жыл бойы Тарас Шевченко есімін алып келеді, осы арқылы біз облыстық «Оксана» украин этномәдени бірлестігімен тығыз байланыста түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қызмет атқарып келеміз. Тарас Григорьевич тек украин халқының  ғана емес, сонымен қоса қазақ халқының да мәдени мұрасына зор үлес қосқан екі ұлттың ұлы перзенті. Сол себепті «Оксана» украин хоры біздің ауылға келуін ауыл түрғындары үлкен қуанышпен күтеді. Хор украин, қазақ және орыс тілдерінде ән шырқайды, көңілді әрі жанды дауыспен орындайды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15