You are here

«РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК БАСТАУЫ»

16.10.2017, 20:14   363

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан Рухани келісім күні деп бекітіліп, содан бері ол Қазақстанда және бірқатар басқа елдерде мерекеленіп келеді.

Биыл 25 жыл толған маңызды күнге  арнап Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда тұрып жатқан  этностардың  өзара сыйластығы мен бірлігін, татулығын, олардың арасындағы келісім мен татулығын нығайту болып табылады.

Мерекелік іс-шараға келгендерді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов құттықтап, Ақтөбе қаласының тұрғындарының арасында достық, сыйластық өзара түсіністіктің орныққандығын атап көрсете келе, осындай бірлік пен татулыққа арналған іс-шараларды көбірек өткізуге шақырды.

Ақтөбе қаласындағы мешіт пен шіркеуден іс-шараға келген дін өкілдері Садиев Амантай Әбділдаұлы пен Вонифатий Волощук құттықтау сөз сөйледі.

Біз бір ұлт, бір елміз, ортақ Отанымыз – Қазақстан. Рухани келісім күнін мен дұрыс діни арнаға бағыт беретін күн ретінде қабылдаймын. Алғашқылардың қатарында осындай мерекені атап өтетініміз мен үшін үлкен мадақ, бүгінде еліміз басқа мемлекеттерге конфессияаралық келісім мен түсіністікте өмір сүру өнегесін көрсетіп отыр,- деп атап өтті Ақтөбе қаласының әкімі бас имамы А.Ә.Садиев.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15