You are here

«Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі»

26.12.2017, 10:22   180

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Б.Сапарбаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім, аналар және «Бірлік» ақсақалдар кеңестерінің өкілдері,  облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, медиация өкілдері, облыстық басқарма мен департамент басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Ақтөбе қаласы мектептері мен колледж өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты Ассамблеяның 2017 жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, Елбасының Қазақстан халқы Ассамбелясының ХХV сессиясында берген тапсырмаларын орындау.

Сессияның күн тәртібіне екі мәселе қойылды, олар Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаевтың ХХV сессияда қойған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді орындау, облыстық ҚХА жанындағы кеңестерге өзгерістер енгізіп, оны бекіту туралы.

Сессия жұмысын облыстық ҚХА төрағасы Б.Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты. Облыс әкімі өз сөзінде жиналған қауымды өткен Тәуелсіздік күнімен, Астана қаласының 20 жылдығымен және келе жатқан  жаңа 2018 жыл мерекесімен құттықтады.

Баяндама жұмыстарымен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н.Барбосынов, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылындағы украин жексенбілік мектебінің оқытушысы В.Гулей, Ақтөбе облысындағы дағыстандардың «Дағыстан» ұлттық – мәдени орталығының төрағасы Д.Омаров, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Л.Бердібекова және жастар қанатының мүшесі А.Феськова сөз сөйледі.  

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Савицкая П.Я. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен және Сулейманов А.А.  Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен рухани бірлікті қалыптастырудағы белсенді қызметі, достықты нығайту мен кеісімді сақтауға бағытталған еңбегі үшін этномәдени бірлестіктер мүшелері Ақтөбе облысы әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Б.Сапарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелігіне кірген жастарға Ассамблеяның куәліктері табысталды. 

Сессия соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанат залында облыс әкімі Б.Сапарбаев этномәдени бірлестіктердің «Ақ дастархан» ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15