You are here

Сабантой - еңбек пен достықтың мерекесі

22.05.2017, 11:19   136

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 21 мамыры  күні  «Бірлік пен келісім» сулы-жасыл гүлзарында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық «Шатлык» татар мен башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Сабантой ұлттық мерекесі өтті. Сабантой – татар мен башқұрт ұлтының көктемгі науқанның аяқталуын мерекелеудің басты символы. Бұл мыңжылдық тарихы бар мереке егін бітік шықсын деген ниетпен тойланады.

Молшылық пен достықтың, еңбектің  мейрамы саналатын сабантойда татар - башқұрт халқының салт- дәстүрлері таныстырылып, ұлттық тағамдар таратылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Steppe Idea» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арт-студиясы мүмкіндігі шектеулі балалар мен этномәдени бірлестік балалары арасында сурет салу конкурсын өткізілді.

Ақтөбеліктер «Язгы Моннар» татар мен башқұрт халықтық ән-би ансамблінің, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалай алды. Ақтөбелік татар-башқұрттарды құттықтауға Сабантой мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиев қатысты. Сонымен қатар мән - мағынасы зор мерейлі мерекені тойлау үшін Алматы, Ақтөбе аудандарынан және Башқұртстан мен Татарстаннан арнайы қонақтар ақтөбеліктерге мереке сыйлады.

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15