You are here

«Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығның 20-жылдың мерейтойы

06.06.2017, 12:34   145

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 4 маусымы күні «Бірлік және келісім» сулы-жасыл гүлзарында облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Славяне» этномәдени бірлестігінің 20-жылдың мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.

«Славяне» этномәдени бірлестігі 1997 жылдың мамырында орыс тілін, славян мәдениетін, этникалық ерекшіліктерін сақтап, дамыту мақсатында құрылып, бүгінде облыстық ірі әрі белсенді этномәдени бірлестігінің бірі болып табылады.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев «Славяне» орталығын 20-жылдық  туған күнімен құттықтап, орталық төрағасы Владимир Васильевич Гуменныйға ерекше алғысын білдіріп, орталық белсенділерін алғыс хатпен марапаттады:

«Әрбір мемлекеттің дамуы, болашағы сол мемлекеттің ішіндегі достыққа, тыныштыққа, бейбітшіліке, қарым-қатынасқа байланысты. Әсіресе көп ұлтты Қазақстан үшін тұрып жатқан әрбір ұлттың өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ділін ұмытпауға, оны сақтауға мүмкіншілік жасау біздің мемлекетіміздің саясаты. Бүгінгі күні облыстағы 18 этномәдени бірлестіктің бірі «Славяне» орталығы қандай мереке болмасын, әрдайым бізбен бірге халықтың көңіл күйін көтеруге үлес қосып келеді.»,- Б.Сапарбаев

Мерекелік кеште  «Славяне» этномәдени бірлестігін құттықтап, облыстық аудандырының, этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. 

Сонымен қатар ақтөбеліктер мереке күні  «Славяне» этномәдени бірлестігі жанындағы «Русская песня» халықтық хоры, «Купава» фолк-модерн тобы, «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Ладушки» балалар вокалды-хореографиялық ансамблі мен «Радуга Престиж» халықтық би ұжымдарының өнерлерін тамаашалады.

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15