You are here

«Тәуелсіздік тағылымы» дөңгелек үстелі

20.12.2016, 18:50   82

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Тәуелсіздік тағылым» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараны Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-і мен ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ ұйымдастырды.

Ақтөбе қаласы Қазақ-орыс университетінің доценті Ұбайдолла Мәмбетов пен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Инна Ли дөңгелек үстелдің қонақтары болды. Ола өз баяндамаларында еліміздің тәуелсіздік жылдарында  жеткен жетістіктеріне тарихи шолу жасап, Қазақстан халқы Ассамбелясының рөліне тоқталды. Ашық әңгіме форматында өткен іс-шара барысында әр қатысушы өз ойымен еркін бөлісті.

Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне облыстық ҚХАХ мен «Қоғамдық келісім» КММ-і атынан тәуелсіздік жылдарындағы қажырлы еңбектері үшін сый-сыяпаттар табысталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15