You are here

«Тұңғыш Президент күні - Ұлттың тұтастық мерекесі»

30.11.2017, 17:51   187

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бұдан жиырма алты жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің тарихы мен осы тарихты бірге сомдап келе жатқан Қазақстанның  Тұңғыш Президентінің арасында бірегей тұтастық бар.

29 қараша күні Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен Елбасы күніне арналған «Тұңғыш Президент күні  - Ұлттың тұтастық мерекесі» мәжілісі ұйымдастырылып өткізілді.

Тамаша мереке қарсаңында жиналған қауым еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдерін талқылады және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың реформаларына қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын белгіледі.

Іс-шараның модераторы болып Ақтөбе облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Ермек Тауанов өз сөзінде:

«Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөнінідегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылады. Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.», - деді.

Іс-шара соңында қоғам қайраткерлері Ақтөбе обысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мәжіліске этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық келісім, «Бірлік» ақсақалдар және аналар кеңестері, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жастар қанаты, әсери қызметкелер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15