You are here

«Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы өтті

08.12.2016, 18:20   708

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылдың 6 желтоқсаны күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында қан дайындау бойынша «Жақсылық жаса» атты донорлық қайырымдылық  акциясы өтті. Іс-шараны «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесі, облыстық қан орталығы мен «ҚР қызыл ай» қоғамының Ақтөбе филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Донор болу – әр адамның азаматтық парызы, ақтөбеліктер өз кезегінде қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Таңертеңнен кешкі беске дейін өткізілген акцияға Ассамблея үйіне мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер мен студенттер, әскери қызметкерлер, журналистер, өңірдің көрнекті іскер адамдары және де этномәдени бірлестіктердің, бастамаға бей-жай қарамаған қала тұрғындары қатарынан қан тапсыруға 250-ге жуық адам ниеттеніп келді. Қала әкімі Испанов Ильяс Сапарбекұлы да акциядан тыс қалмай, өзінің түскі үзілісі кезінде қан тапсыруға келіп, өз ісімен өзгелерге үлгі көрсетті.

Барша донорларға тамақтану ұйымдастырылып, украин этномәдени бірлестігінің шығармашылық тобы кезекте тұрғандардың көңілін ән-бимен көтерді.

Өткізіліп отырған қайырымдылық іс-шарасының басты идеясы қоғамда донорға деген қайырымды қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады, өйткені донор болу – бұл әлеуметтік жауапкершілікті білдіреді. Акция қорытындысы бойынша донорлық қан банкінің қорына  73 литр қан жиналды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15