You are here

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай

ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

1962 жылы 26 қаңтарда,  Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Дмитров ауылында дүниеге келген.

 

 

Білімі:

1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін  журналист мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Техника ғылымдарының кандидаты (геоэкология).

 

«Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат.

 

Қызметі:

1978-1979 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының жұмысшы

1985-1990 – ҚазТАГ-тың  редакторы, аға редакторы, аға бақылаушы әдеби редакторы

1990-1994 – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің аға консультанты, аға референті

1994-1996 – «Өркен-Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы

1996-1997 – «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице - президенті

1997-2002 – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

2002-2004 – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы

2004-2006 – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі

2006-2008 –  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

2008 –  ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі

2008-2012 – ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

2012-2013 –  ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

2013-2017 – ҚР Ұлттық мұражайының директоры

 

2017 жылғы 14 наурыздан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы  Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15