You are here

Хамедов Абилфас Муслимович

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1962 жылғы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында туған.

Ұлты – әзербайжан.

Алматы Сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»  мамандығы бойынша бітірген.

Сәулет ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы болып бастаған. 

1993 жылдан бастап «ХЭМКО» құрылыс компаниясын басқарады.

Абилфас Муслимович жыл сайын қайырымдылық мақсаттарға, мамандандырылған мектептер мен мүгедектерге арналған интернаттарды қайта құрылымдау мен жөндеуге қаржы бөледі, бала бақшаларына, тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.  

2007 жылдан қазіргі кезге дейін «Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. 

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» қоғамдық медалімен марапатталған.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15